15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Көзқарас

Елдің тұрақтылығы халықтың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты – сарапшы

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тоқталған жайттар мен жүктеген міндеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстан халқына» қорының жұмысына тоқталып, қорға ақша аудару мәжбүрлі шара емес екенін еске салды.

«Тағы да атап өткім келетіні – бұл мәжбүрлеу емес. Табысты компаниялар мен азаматтарға жалпыұлттық игі мақсаттарға қаражат бөлу мүмкіндігі», — деген еді Президент.

«Мемлекет басшысы 30 жылдың ішінде жосықсыз байып келген адамдар туралы айтып отыр. Екіншіден, қарапайым халыққа расымен көмектескісі келетін бай кісілер, өскелең ұрпаққа өз ісімен, яғни қайырымдылық жасау арқылы үлгі болуы керек. Сонымен қатар университеттерді басшылыққа алып, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу міндеті де жүктелді. Меніңше, бұл — елге керек платформа», — деді Талғат Қалиев.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кедей елде байдың одан әрі байи түсуіне болмайтынын көрсетті.

«Осы орайда елдің тұрақтылығы халықтың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты», — дейді ол.

Сондай-ақ, саясаттанушы Президенттің шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі тапсырмасына қатысты ойын алға тартты.

«Бұл мәселені ертерек қолға алу керек еді. Десекте ештен кеш жақсы. Бастысы шара жүйелі әрі сапалы түрде іске асса болғаны. Біз үшін ең алдымен, сыртқа кеткен қаржының көлемін анықтау маңызды. Содан соң оны тауып, қайтару жағын ойластырған жөн. Біздің Үкімет шетел асқан қаражаттың заңсыз табыс екенін дәлелдесе, онда оны елге қайтарып, халық игілігіне жұмсау қажет», — деді Т. Қалиев.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде тапсырма берді.

Related posts

Конституциялық өзгерістер 2-3 жылда нәтиже береді – Еркін Әбіл

Admin

Балалардың мүддесі кез келген жеке мүддеден жоғары тұруы керек – министр

Admin

Жас жазушы комикс жазудың маңызын түсіндірді

Admin

Асқар Мамин түрмеде отыруы тиіс

Admin

Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Жәмилә Серкебаева

Admin

Барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін – Ершов

Admin