6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Оқыс-оқиға

Екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды

KAZUS.KZ. Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой кентінде екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. Оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат жеті шамасында болған, – деп жазады Azattyq Rýhy

Оның әжесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Өртенген үйге келген мамандар ғимарат ішінен 2013 жылы туған баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, оның 1959 жылы туған әжесі ауыр жарақатпен Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Өрт тек 8:17-де ауыздықталып, 9:50-де толығымен сөндірілді. Барлығы 100 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өрт сөндірушілер өртенген дәмханадағы жарылыстың алдын алды

admin

Пиала шайынан есірткі табылды

admin

9 жасар бала жоғалып кетті

admin

Пікір қалдыру