-0.8 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Басты жаңалықтар Шоу-бизнес

Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындайды

KAZUS.KZ. Димаш Құдайберген танымал актер Джеки Чанның «Авангард» атты жаңа фильмінде басты әндердің бірін орындады, – деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы.

Әлемді аузына қаратқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйгілі Джеки Чанның фильмінде саундтрек орындайтынын хабарлаған.Ол қуанышты хабарды өз табынушыларына желі парақшасында жеткізген.

Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Джеки Чанның «Авангард» атты фильмі 30 қыркүйек күні прокатқа шығатынын жазған.

«Жақын күндерде Джеки Чанның «Авангард» атты жаңа фильмі жарыққа шығады. Мен аталмыш фильмде басты әндердің бірін орындадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан тамашалаңыз», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетсек, кинолентаның тұсауы Сингапурде кесілмек. Басты рөлдерді Джеки Чан, Ян Ян, Ай Лунь, Мия Муци, Чжу Чжэнтин және өзгелер сомдаған. Картина режиссері – Стэнли Тун.

Әншінің табынушылары бұл жаңалыққа ерекше қуанған.

«Керемет жаңалық», «Балалық шағыңда сені тәнті еткен жандармен жұмыс істегенге не жетсін», «Сені мақтан тұтатынымыз үшін саған алғысымыз шексіз, барлық ісіңе сәттілік, қуанышыңмен бөліскеніңе рақмет», – деп жазған пікір қалдырушылар.

Ұқсас жаңалықтар

Токио Олимпиадасы 2021 жылы өтуі мүмкін

admin

«СК-Фармацияның» басшысы қанша жалақы алатынын айтты

admin

Түркістаннан Нұр-Сұлтанға ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

admin

Пікір қалдыру