5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Мәдениет

Димаштың әндері Бразилия радиосында күн сайын шырқалып жатыр

иыл мамыр айынан бастап радиотыңдарманға Димаштың «Я скучаю по тебе» «О’кей» және «S.O.S» композициялары ұсынылып келеді.

Бразилияның Correio 98 FM радиосының эфирінде күн сайын Димаш Құдайбергеннің әндері беріліп жатыр, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. 

Биылғы мамыр айынан бастап радиотыңдарманға Димаштың «Я скучаю по тебе» «О’кей» және «S.O.S» композициялары ұсынылып келеді. Бразилияның танымал Correio 98 FM радиосы алғаш рет 1983 жылы эфирге шықты. Радиостанцияның штаб-пәтері Кампина-Гранди қаласында орналасқан.

Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, әртістің түрлі музыкалық жанрларда және әлемнің көптеген тілдерінде ән шырқайтынын атап өтеді. Д.Құдайберген әндерінің Бразилияның ірі радиостанциясында таратылуы Dimash Qudaibergen FC Brasil фан-клубы жұмысының нәтижесі.

Сондай-ақ осы жоба аясында Бразилияның танымал «Extra» газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материал шықты.

Related posts

«Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі өтеді

Admin

Этнограф, cуретші Ералы Оспанұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

Admin

ОТЫРАРДА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

Admin

Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

Admin

Отандық телеарналардан референдум туралы деректі фильм көрсетіледі

Admin

Мың оқушы қатысқан домбыра сабағы: Мемлекет басшысы Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

Admin