6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Шоу-бизнес

Данэлия Төлешова America’ s Got Talent финалына өтті

Данэлия

KAZUS.KZ. Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America’ s Got Talent өнер додасының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Данэлия Төлешова АҚШ көрермендерінің бір тәулік ішінде дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарында болды және әлемдік шоу финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады», – деп хабарлайды Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко Фейсбуктегі парақшасында.

America’ s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. «Осы уақыт ішінде мені қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек. Мен үміттеріңізді ақтауға тырысамын», – деді Данэлия.

Ұқсас жаңалықтар

«Оның отбасы бар емес пе?» Кәмшат Жолдыбаева қызу талқыға қалды

admin

Тәулік бойы Димаштың әндері шырқалатын радио ашылды

admin

«Елді ойласам көзімнен жас шығады»: Т.Серіков жылағаны үшін айыптағандарға жауап берді

admin

Пікір қалдыру