9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Денсаулық

Германия коронавирус салдарынан елде «лайт-локдаун» енгізді

Германия

KAZUS.KZ. Bild басылымының жазуынша, мұндай шешім елде коронавирустық инфекцияның күрт көбеюіне байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды baq.kz.

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты елде локдаунның «жеңіл» нұсқасын енгізуге ниетті. Шектеу режимінің жаңа моделі туралы канцлер мен 16 жер басшысы сәрсенбіде өткен кездесуде келісе алады, – делінген хабарламада.

Мейрамханалар мен барлар жабылады, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, дүкендер белгілі бір шектеумен ғана жұмыс істейді. Ал мектептер мен балабақшалар жұмысын жалғастыра бермек. Бұқаралық іс-шараларды толығымен алып тастау жоспарлануда.

Қазан айының басынан бері Берлинде дүкендер, барлар, мейрамханалар мен түнгі клубтардың шектеулі жұмыс режимі қалыптасқан болатын. Мекемелерге 23.00-ден 6.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал жеке іс-шараларға он адамға дейін ғана қатысуға рұқсат.

Роберт Кох институтының мәліметіне сәйкес, 27 қазандағы жағдай бойынша Германияда коронавирустық пандемия басталғалы бері COVID-19 ауруының 437 866 жағдайы анықталды. Бір күнде елде 8 685 адам коронавируспен ауырды. 10 056 адам қайтыс болды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте соңғы үш тәулікте COVID-19 дерегі тіркелді

admin

Өлген құс үшін өтемақы төлене бастады – ҚР АШМ

admin

Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер үйінен ала алады

admin

Пікір қалдыру