4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Шоу-биз

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзарды

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

.

Қалалық соттың мәліметінше, танымал блогер тағы бір ай қамауда отырады.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 күнге ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», — делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, 10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі 

Related posts

«Айыппұл 3 миллион теңге»: Серік Ибрагимов «Маска» шоуы туралы айтты

Admin