5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Көзқарас

Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Жәмилә Серкебаева

Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева Ұлттық кітапхана ғимаратынада орналасқан №254 учаскеге келіп дауыс берді.

Бұл учаскеде дауыс беру барысы мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр. Дауыс берушілерді кіре берістен музыкамен қарсы алады, ғимараттың іші шарлармен безендірілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы дауыс беру кабинкалары ұйымдастырылған. Ол жерде компьютер, лупа, құлаққап, көзі нашар көретіндерге арнайы бедерлі бланкі дайындалған.

Қазақстан эстрада және классикалық музыка жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері Жәмилә Серкебаева референдумнан үлкен өзгерістер күтетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізілетінін атап өткен болатын, ол қоғамның барлық саласын қамтиды. Еліміздің дамуына әсер ететін өзгерістер бүгіннен басталып жатыр. Бүгін мерекелік көңіл күйдемін, өйткені бұл тарихи маңызды күн, — дейді Жәмилә Серкебаева.

baq.kz

Related posts

Жас жазушы комикс жазудың маңызын түсіндірді

Admin

Балалардың мүддесі кез келген жеке мүддеден жоғары тұруы керек – министр

Admin

Барлық бастама мен реформа міндетті түрде жүзеге асырылатынына сенімдімін – Ершов

Admin

Асқар Мамин түрмеде отыруы тиіс

Admin

Конституциялық өзгерістер 2-3 жылда нәтиже береді – Еркін Әбіл

Admin

Елдің тұрақтылығы халықтың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты – сарапшы

Admin