-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Қоғам

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қазақстандықтар қандай мақсаттарға бағыттап жатқаны белгілі болды

Зейнетақы

2021 жылдың 16 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 134 709 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды KAZUS.KZ БЖЗҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы сомасы 469 млрд теңгеге жуық 86 710 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына келіп түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады.

Жалпы сомасы 27,7 млрд теңгеге жуық 5 420 өтініш салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына кейіннен төлемдерді жүзеге асыруға аудару үшін өңделуде.

25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 42 579 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. Өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі өтініште көрсетілген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомадан асып кетуі болып табылады. БЖЗҚ-ның өтініштерді қабылдамау себептері мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы егжей-тегжейлі баяндамасы мына жерде.

Өтініштердің 97% жуығы «Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ уәкілетті операторынан, 3% – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан түскен. 15 ақпаннан бастап үшінші уәкілетті оператор – «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан өтініштер түсе бастады. Одан 2 өтініш жіберілді, олардың біреуі өңдеуге қабылданды, ал екіншісі өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқығы болмағандықтан қабылданбады

Орындалған өтініштерді талдау барысы олардың ең көп санының (шамамен 39%) ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) бағытталғанын көрсетеді. Өтініш білдірген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс – жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы).

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

admin

ШЫМКЕНТ: Құтқарушылар күніне орай 31 дана өрт сөндіру техникасы табысталды

admin

2020 жылы көпбалалы аналар 236 млрд теңгеден астам қаражат алды

admin