2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Басты жаңалықтар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жақсы жаңалықпен бөлісті

KAZUS.KZ.  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттері жасаған тауарларды заңды түрде сатуға болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


«Енді, колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады», – деп жазды Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Министрдің айтуынша, бүгінде «дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын колледж студенттері практика кезінде темірден сапалы конструкциялар жасайды. Ал жас кондитерлер керемет өнімдер пісіреді, қолөнер бағытындағы мамандар киізден, керамикадан, ағаштан және былғарыдан сан алуан авторлық бұйымдар дайындайды. Бірақ оның бәрін сата алмай келген.

«Бұдан былай олар өз қолымен дайындаған өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сата алады және түскен табыс есебінен шеберханалар үшін қосымша шығын материалдарын сатып алуына болады», – дейді Аймағамбетов.

Оның ойынша, оқу тәжірибесі кезінде студенттер дайындаған өнімдерді сатуға рұқсат беру арқылы өндірістік оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік бар.

Колледждерге берілген тағы бір мүмкіндік

Бұдан бөлек, заңға енгізілген жаңа түзетулер аясында техникалық және кәсіптік білім беруге қатысты бірнеше жаңалық бар. Олар:

  • студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептеледі; 
  • уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімін белгілеуі туралы норма алынып тасталды.

«Бұған дейін біз әр біліктіліктер бойынша білім алу мерзімдерін қатаң бекітетінбіз. Орташа есеппен алғанда, оқу мерзімі 2 жылдан 3 жыл 10 айға дейін жалғасатын. Енді, оқу ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады», – дейді министр.

Колледждер жұмыс берушілермен келісе отырып, кәсіптік стандарттар немесе нарық талаптары негізінде білім беру бағдарламаларын өздері әзірлейді. Ал білім және ғылым министрлігі оны бағдарламалардың тізіліміне қосады. Осылайша, жұмысшы және орта буын мамандарын даярлауда колледждердің икемділігі арта түседі.

Ұқсас жаңалықтар

Мұғалімдерді марапаттау жүйесіне өзгерістер енгізілді – Асхат Аймағамбетов

admin

Жағдайды ушықтырмау үшін карантиндік талаптар қатаңдайды – Алексей Цой

admin

ҚР Премьер-министрі тағайындалды

admin