15 C
Shymkent
Қыркүйек 23, 2020
Спорт

«Біздің футболда әрдайым осылайынан: жеңіліс- сатылу, ұтыс-сатып алу» Экс-футболшы Самат Смақов

KAZUS.KZ. Қазақстанның ең атақты футболшыларының бірі және ұлттық құрама сапындағы рекордсмен экс-футболшы Самат Смақов футболшы болған кезде өзіне қанша көлемде пара ұсынылғанын айтты, – деп жазады zakon.kz.

Экс-футболшы ешқашан алдын ала келісілген матчтарға қатыспағанын, бірақ қызығатындай ұсыныстар болғанын айтты.

«Алдын ала келісілген матчтарға ешқашан қатысқан емеспін. Мені білетіндерден сұраңыз, ондайға көнбейтінімді бәрі жақсы біледі. Бірақ кейбір жанкүйерлер бар, жеңілсең, «мынау сатылыпты», – дейді, ал ұтсаң, «сатып алыпты», – деп жатады. Өз басымда, мысалы мынандай бір жағдай болды, олар маған байланысқа шығып, жарты миллион доллар ұсынды. Бізден жеңілуді сұраған жоқ, тек белгілі бір нәтижеге жетіп, соған тоқталсаңдар деді. Содан: «Жігіттер, сендер керек адамға шығып тұрған жоқсыңдар» деп айттым. Біздің футболда әрдайым осылайынан: жеңіліс- сатылу, ұтыс-сатып алу. Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, барлық жердегі футболда бар нәрсе» – деді Смақов ER-BATYR Youtube каналына берген сұхбатында.

Экс-футболшы өзіне қандай ойын үшін осындай үлкен ақша ұсынылғанын нақтылап айтпады.

Ұқсас жаңалықтар

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

admin

Қазақстандық спортшы Нурмагомбетовпен жекпе-жекке түспек

admin

Әлемге танымал футболшы Неймар коронавирус жұқтырды

admin

Пікір қалдыру