15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Әлемде

Бензинмен жүретін автокөліктер сатылымы тоқтатылуы мүмкін

Еуропарламент 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштары бар жаңа автокөліктерді сатылымына тыйым салуды көздеп отыр, деп хабарлайды CNN.

Бұл мәселе әуелі Еуропалық кеңесте талқыланып, заң ретінде қабылдануы керек. Егер заң мақұлданса, гибридті автомобильдердің сатылымы төмендеп, жұрт жаппай электр қуатымен жүретін көліктерге көшеді.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ – қоршаған ортаны ластау бойынша әлемдегі үшінші ірі аймақ.

Кәрі құрлық экономикасында автомобиль өнеркәсібі маңызды рөл атқарады, оның үлесіне ЖІӨ-нің 7%-ы тиесілі және 14,6 млн адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Десе де, көлік – парникті газ шығарындыларының өсуіне ықпал етіп отырған жалғыз сала. 2017 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларының 21%-ы көлік құралдарына тиесілі болған. 

Related posts

Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды

Admin

Египетте 2,5 мың жылдық тарихы бар жәдігерлер көрсетілді

Admin

Нью-Йоркте метрода атыс болып, бір адам көз жұмды

Admin

Украина Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді

Admin

Африкада 18 млн тұрғынның аш қалу қаупі бар

Admin

Әйгілі Тайсон неліктен мүгедек арбасына таңылғанын айтты

Admin