-2 C
Shymkent
Қазан 28, 2020
Технология

Бағдат Мусин ауылдарға интернет тарту шараларын түсіндірді

интернет

KAZUS.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарға интернет тарту жұмысы жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде бірінші кезектегі міндет – халықты интернетпен қамту. Бүгінде 6 459 елді мекеннің ішінде 118 қала мен 4 558 ауыл әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Телеком операторларымен бірігіп, интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда. Бірінші жоба – бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы оптикалық интернетті шалғайдағы ауылдарға тарту», – деді Бағдат Мусин цифрландыру тақырыбы бойынша Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі тартылса, 944 ауыл қосылатын болады. Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді.

«Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, сондай-ақ басқа технология бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді», – деді Б. Мусин. 

Ұқсас жаңалықтар

Kaspi.kz-тен ақша жоғалып жатыр. Банк не дейді?

admin

Қазтелерадио 5G желісін сынау туралы ақпаратты жоққа шығарды

admin

Енді өзгелердің нөміріңізді қалай сақтап қойғанын біле аласыз

admin

Пікір қалдыру