15.8 C
Нью-Йорк
27.09.2022
Технология

Батыстағы автоөндірушілер Ресейге көлік жіберуді тоқтатты

Көрші елдегі автодилерлер Autonews.ru басылымына шетелден машина келмей жатқанын хабарлады, деп жазады kolesa.kz.

Салдарынан тапсырыс берген тұрғындар көлігін мүлде ала алмауы мүмкін.

Басылымға ақпарат берген адам мұны «сұмдық жағдай» деп атап, Ресей нарығында енді Қытай көліктері басым болады деген болжам жасады.

Jaguar Land Rover ресейлік сатушыларға 24 ақпаннан бастап жаңа автомобиль жіберуді доғаратынын ескертіпті. Хатта 22 ақпанға дейін тапсырыс берілген көліктер логистика командасы әзірлеп жатқан графикке сай жіберілетіні жазылған. Көп ұзамай басқа өндірушілер де дәл осылай істейтін сияқты.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы JLR ресейлік компаниялармен жұмыс істейді және көлік сатумен Мәскеудегі кеңсе мамандары айналысады. Қазіргі жағдайдың біздің елдегі марка саудасына қалай әсер ететіні әзірше белгісіз.

Ал АҚШ Сауда министрлігі Ресейге жеткізуге тыйым салынған тауарлар тізімін жариялады. Онда ресейлік автоөндірушілерге аса қажет жартылай өткізгіш пен сезгектер бар.

Related posts

Қазақстанда «сұр» майнерлердің мүлкін тәркілеу ұсынылды

Admin

Африканың ең биік жанартауында туристер үшін жылдам интернет пайда болды

Admin