2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Басты жаңалықтар Саясат

АҚШ-тың 50 штатында қарулы наразылық акциялары болады деп күтілуде

KAZUS.KZ. АҚШ-тың барлық штаттарында жаппай қарулы наразылықтар болады деп күтілуде. Бұл туралы ABC News телеарнасының журналисі Аарон Катерский федералдық тергеу бюросының ішкі құжаттарына сілтеме жасап мәлімдеді, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес 16 қаңтардан бастап наразылық акциялары заң шығарушы органдардың алдында, ал 17-20 қаңтар аралығында Капитолий маңында өтеді деп болжанып отыр. Наразылық акциялары жаңа президент Джо Байденді ұлықтау кезінде басталуы мүмкін. Қарулы адамдар тобы 16 қаңтарда Вашингтонға бет алады деп күтілуде. Олар көпшілікті Трамп инаугурацияға дейін қызметінен аластатылса, барлық деңгейдегі соттар мен әкімшілік ғимараттарды басып алуға шақырып отыр.

«Егер Конгресс 25-ші түзету арқылы президентті қызметінен кетіруге тырысса, олар үлкен көтеріліс болатынын ескертуде», – деді журналист.

Дүйсенбіде Өкілдер палатасындағы демократ-депутаттар вице-президент Майк Пенстен және министрлер кабинетінен 25-ші түзетуді қолдануды талап етіп, Трампты өзінің президенттік міндеттерін одан әрі орындай алмайтындай ету керектігін және Пенсті 20 қаңтарда Байденнің инаугурациясына дейін президенттің міндетін атқарушы етіп тағайындау қажеттігін мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Үкіметінің жаңа құрамы белгілі болды

admin

Қаңтарда қанша күн демаламыз?

admin

Отбасылық зорлық-зомбылық: Бірінші оқылымда мақұлдап жіберіппіз – Бекболат Тілеухан

admin