9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Әлемде

АҚШ-тағы президент сайлауының ең алғашқы нәтижелері шықты

Таңғы сағат алтыда сайлау қорытындысы үшін маңызы зор делінетін Флорида мен Джорджияны қосқанда бірден жеті штатта учаскелер жабылды деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы санақ нәтижелері бойынша Индиана мен Нью-Гэмпшир штаттарында республикашыл Дональд Трамп озып келеді.

Индианана бюллетендердің бір пайызы саналғаннан кейін ол 72% дауыс алды.

Нью-Гэмпширде дауыс санау енді басталды – Трампта 16, оның демократ-қарсыласы Джо Байденде — 10.

Басында қазіргі президент алға шыққан Кентуккиде дауыстардың алты пайызы саналғаннан кейін Байден озған, бірақ одан кейін басымдықты қайтадан Трамп алды.

Индианадағы сайлаушылар алқасында 11 дауыс бар (президенттікке үміткер жеңіске жету үшін 270 дауыс жинауы тиіс). Соңғы жарты ғасырда бұл штат 2008 жылды айтпағанда, республикашыл кандидаттарға дауыс беріп келген. 2016-шы жылы Трамп бұл штатта 56,47%, ал демократтардың кандидаты Хиллари Клинтон – 37,46% дауыс алған.

АҚШ-тың шығысындағы Индиана мен Кентуккидегі алғашқы учаскелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де жабылды.

Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат алтыда сайлау қорытындысы үшін маңызы зор делінетін Флорида мен Джорджияны қосқанда бірден жеті штатта учаскелер жабылды, сондай-ақ, дауыс беру Виргиния, Оңтүстік Каролина, Вермонт және Кентукки мен Индиананың қалған учаскелері жабылады. 6.30-да Огайо, Солтүстік Каролина және Батыс Виргиниядағы учаскелер жабылды. Сағат 7-де тағы 15 штат пен Колумбия округіндегі учаскелер жабылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қоғамдық көлікте тұрып тұруға тыйым салынды

admin

Владимир Путин 68 жасқа толды

admin

Кончита Вурст атымен танымал әнші жұртты қайта таңғалдырды

admin

Пікір қалдыру