5.4 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Экономика

АШМ дихандардың қанша өнім жинағанын айтты

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,9 млн гектар дәнді және бұршақты дақылдар немесе жалпы егін жинау алаңының 99,5%-ы жиналды.  Орташа өнімділігі гектарына 13,5 центнер болған кезде 21,5 млн тонна астық бастырылды. Айта кету керек, 2021 жылы – орташа өнімділігі гектарына 10,1 центнер болған кезде 15,8 млн тонна немесе 26,5%-дан аз. Астық жинау еліміздің барлық өңірінде толығымен аяқталды, — деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол дақылдар өнімі де жоғары болғанын атап өтті. 

Егер дақылдар, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар бөліністе қарайтын болсақ, онда 12,8 млн гектар бидай жиналды немесе 100% өнімділігі гектарына 12,6 центнерден болғанда, 16,2 млн тонна бастырылды. Майлы дақылдарды жинау 1,9 млн гектар алаңда немесе егін жинау алаңының 55,7%-да жүргізілді. Майлы тұқымдарды жалпы жинау орташа өнімділігі гектарына 7,8 центнер болған кезде 1,5 млн тоннаны құрайды. Картоп 185,1 мың гектар алаңнан немесе жоспарланған алаңның 93,8%-ында жиналды. Жалпы алым гектарына 204,8 центнер өнімділікте 3,8 млн тоннаны құрады, — деді Бағлан Бекбауов. 

Айтуынша, көкөніс дақылдары 161,2 мың гектар алаңнан немесе жоспарланған алаңның 93,4%-да жиналған. Осылайша, жалпы алым гектарына  288,6 центнер өнімділікте 4,6 млн тоннаны құраған. 

Related posts

Тоқаев тұрақтандыру қорларының қызметін сынап тастады

Admin

Ә. Смайылов ТМД елдерін қымбатшылықпен күресте бірігуге шақырды

Admin

Елімізде 12 мыңнан астам адам жеңілдетілген несиемен көлік алды — Скляр

Admin

ЕАЭО елдері есеп айырысуды және баға белгілеуді ұлттық валютада жүргізуі керек — ЕЭК басшысы

Admin

KASE: Доллар бағамы күрт төмендеді

Admin

Астық алқаптарының 86% жиналды

Admin