2 C
Shymkent
Қаңтар 24, 2021
Оқыс-оқиға

Атырауда жүргізуші көлігіне байлап сүйреген ит тірі қалды

Ит құтқарылды

KAZUS.KZ. Атырауда еріктілер жүргізуші көлігіне байлап сүйреген итті тауып алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ит табылған сәттің видеосы Instagram-дағы Help_animals_atyrau парақшасында жарияланды.

«Ит өлімнен аман қалды, полиция қоңырауынан кейін еріктілер бірден жолға шықты, ит дереу клиникаға апарылды, клиникаға оны емдеп, жарасын өңдегендері үшін көп рақмет, итке ауырсынуды басатын дәрі салынды, жаралары мұқият өңделіп, дәрумендер егілді. Көріп отырғаныңыздай, видеода ол төрт аяқтап ауруға шыдап тұрды, сондай ақылды, жаралары өте терең, 2-ші видеода жарасынан қиыршық тас шығарылып жатыр, дәрігер ем тағайындады, көмектесемін дейтіндерге қуанатын едік», – деп жазды парақша әкімшілері.

Олардың айтуынша, көлік жүргізушісі келтірген жарақат бойынша сараптама жүргізіледі.

Еске салайық, Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көшемен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.

«Аталған факт бойынша Атырау тұрғыны, автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді полиция өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда зауыттағы станок оқушының қолын жұлып кетті

admin

Өз анасына қол көтеруінің себебі белгілі болды

admin

Кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға күштеген

admin