4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Экономика

Астық алқаптарының 86% жиналды

Бүгінгі күні республиканың барлық облыстарында егін жинау жұмысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 13,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы өнімнің 86,3% құрайды. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнер кезінде 17,3 млн тонна астық бастырылды.

Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін болсақ, майлы дақылдардың жалпы түсімі 363 мың тоннаны құрады, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналды.  Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр. 

Қазақстанда жалпы сақтау сыйымдылығы 12,8 млн тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзінің 16,6 млн тонна астыққа есептелген сақтау қоймалары бар. Аталған көлемдердің болжамды түсімін ескерсек, ол орындар жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті болады.

Related posts

Ресей мен Беларусьқа экспорттауға тыйым салынған тауарлардың нұсқаулығы шықты

Admin

АЛМАТЫДА АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Admin

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 ЕЛДІ-МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Admin

АШМ дихандардың қанша өнім жинағанын айтты

Admin

Қазақстанда Ресейдің «Мир» карталарына тыйым салынады

Admin

«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы түскені белгілі болды

Admin