4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық

АРЫСТА МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ДАУЫС БЕРУ ҮШІН ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Арыс қаласында ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы науқанда мүгедектігі бар жандарға ерекше жағдай жасалған. Пандустан бөлек, әр учаскеде арбалар оп-оңай кіретін арнайы кең кабиналар қойылған. Ал зағиптар мен көзі нашар көретін жандар үшін брайл жүйесі арқылы өзі таңдаған кандидатқа дауыс беруге мүмкіндіктері бар. Ал есту қабілетінде мүкісі бар жандар үшін сурдоаударма да іске қосылған.

Арыстағы мүгедектігі бар жандар сайлау учаскілері ашылғаннан бастап дауыс беруге асығуда. Олар азаматтық міндетін үйде отырып орындаудан бас тартып, сайлау учаскілеріне келіп жатыр. Мәселен, Арыс қалалық мүгедек жандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, екі жанарынан айрылған Серік Құдайқұлов немересінің жетектеуімен №9 сайлау учаскесіне таң сәреде келді.

«Осыған дейінгі сайлау науқандарынан қалған емеспіз. Қазір мүгедектігі бар жандарға қатынауында кедергі жоқ. Барлық жерде пандустар бар. Біздің қоғамдық бірлестікке мүшелерінің барлығы бүгін сайлау учаскілеріне келуге бекініп отыр» — дейді Серік Жаппарқұлұлы.

Айта кетейік, Арыс қаласына қарасты 34 сайлау учаскесі бар. Арбамен жүретін адамдар кедергісіз қимылдау үшін барлық сайлау учаскесінде босағасы кең арнайы кабиналар орнатылған.

Арыс қаласы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 44 349 адам болса, оның 2200-ден астамы мүгедектігі бар азаматтар. Барлық сайлау учаскілерінде зағип жандарға арналған аудио бюллетеньдер бар. Олар үміткерлердің тізімін қағаз бетін қолмен сипап оқи алады. Ал есту қабілетінде ақауы бар жандарға сурдоаудармашылар көмек қолын созып отыр, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Related posts

Ресми: Елімізде жаңа үш облыс құрылды

Admin

Әйел екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуінен бала көтерді

Admin

Сенат төрағасы Алматыда сарапшылармен «Жаңа Қазақстан» бағдарын талқылады

Admin

«Жаңа Қазақстанға» — жаңа партия

Admin

АЛМАТЫДА АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Admin

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автомобильдің VIN коды болуы туралы талап күшін жойды

Admin

Leave a Comment