5 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Спорт

Арман Оспанов UFC-де дебютін өткізуі мүмкін

Арман Оспанов

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Арман Оспанов (10-3) UFC ұйымындағы бірінші кездесуін жыл соңына дейін өткізуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік спорт тілшісі Игорь Лазорин Instagram-парақшасында жазды, – деп хабарлайды Vesti.kz

Оның мәліметі бойынша, спортшы АҚШ-та жұмыс визасын жасатып жатыр екен. 

«Арман Оспанов қазіргі таңда АҚШ-та. Оған жұмыс визасы жасалып жатыр. 2021 жылға дейін ол UFC ұйымында бірінші кездесуін өткізуі мүмкін», – деп жазды Лазорин. 

Айта кетейік, Оспановтың менеджері – Әли Абдель-Азиз. Ол танымал ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің де менеджері. 

Ұқсас жаңалықтар

Майк Тайсон мен Рой Джонстың төбелесін «Qazaqstan» арнасы көрсетеді

admin

Месси «Манчестер Сити» командасына ауысуға ниет білдірді

admin

«Астана» президенттік клубы таратылды

admin

Пікір қалдыру