9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Оқыс-оқиға

«Алып қашуға» көнбеген қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

Бойжеткен ауыр жарақат алды деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жараланған қыздың жамбас, омыртқа сүйектері сынып, оған қоса, ол басқа да ішкі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады куәгерлер.

otyrar.kz басылымының ақпаратынша, қазір қыздың жағдайы қалыпты.

Дәрігерлер қолдан келген көмегін жасауда, қыз енді мүгедек болып қала ма – оны дәрігерлер әзірге айта алмай отыр.

Полицейлер тергеуге кірісті.

Енді қызды алып қашқан «күйеу балаға» бірнеше бап бойынша айып тағылуы мүмкін: өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу, адамды бостандығынан заңсыз айыру, тіпті зорлау бабы да пайда болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Сәтбаевта 5 жастағы қызды зорлаған педофил түрмеде асылып өлді

admin

Шымкенттегі аты шулы іске қатысты күдіктілер ұсталды

admin

Кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға күштеген

admin

Пікір қалдыру