4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Өңір

Алматылықтар коммуналдық қызметтерге 3,2 млрд теңге қарыз

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы Ерболат Досаев қазандықтарда, ЖЭО-2-де болды және Алматы әкімдігі басқармалары мен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен мегаполисті жылыту маусымына дайындау мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Қала басшысы Ерболат Досаев қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандардың бірі-ЖЭО-2 болды. Жылыту маусымы қарсаңында кәсіпорында энергетикалық генерациялау жабдығына жөндеу жүргізілуде.

Нысандарды аралағаннан кейін Алматы әкімі көшпелі кеңес өткізіп, оның барысында тұрғын үйлердің, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығы, сондай-ақ тұтынушылардың коммуналдық кәсіпорындар алдындағы дебиторлық қарызын бағалау туралы есепті тыңдады.

Қазіргі уақытта Алматыда коммуналдық қызметтерге қарыз сомасы — 3,2 млрд теңге, негізгі борышкерлер — жеке тұлғалар.

Жалпы, алдағы жылыту маусымына дайындық белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл жұмысқа тұрақты бақылауды қамтамасыз ету және бірінші кезекте 31 тамызға дейінгі мерзімде әлеуметтік нысандарды қысқа дайындауды аяқтау қажеттігін атап өтті.

Related posts

Еліміздегі ақбөкен саны — 1 318 000

Admin

Алматыдағы Алтын Орда базарынан тағы да шу шықты

Admin

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 9 ЕЛДІ-МЕКЕН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДА ҚАЛҒАН 35 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Admin

Елімізде 12 мыңнан астам адам жеңілдетілген несиемен көлік алды — Скляр

Admin

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Admin