4.8 C
Нью-Йорк
03.12.2022
Басты жаңалық Экономика

АЛМАТЫДА АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Президент жобаның төлқұжатымен танысып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың м2 асады. Үш түрлі автокөлік маркасының әрқайсысын дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

Зауыт іске қосылғаннан кейін өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығару мүмкіндігі бар. Инвестицияның жалпы құны 100 млрд теңгеден асады. «Astana Motors» компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашамыз деп жоспарлауда.

Қ-Ж.Тоқаев жобамен танысып болып зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

– Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын! – деді Президент.

Related posts

Экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды

Admin

М.ӘЙТЕНОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Admin

Автонесие бойынша әлі шешім қабылданбаған

Admin

Үш жылдық бюджет: Үкімет әлеуметтік салаға 8 трлн теңге бөлуді көздеп отыр

Admin

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін автомобильдің VIN коды болуы туралы талап күшін жойды

Admin

«Бәйтерек» Сбербанктің Қазақстандағы үлесін толық сатып алды

Admin