5 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Басты жаңалықтар Қоғам

Айғайлап, жұдырықпен үстелді ұрған шенеуніктің әрекеті тексеріледі

Бас дәрігер

KAZUS.KZ. Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды. Роликке қарағанда кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойды.

«Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. (…) Емханаға келгенде «дәрі жоқ» деп айтады. Ана жеті миллиард шығыс ақша қайда кетті?» – деді видео сыртындағы адам.

Бас дәрігер жауап ретінде айғайлап, қолымен үстелді ұрды. Кейін кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетті.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Денсаулық сақтау басқармасы жанынан Талғар аудандық аурухананың бас дәрігері Н. Құлсейітовтің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі ұстауы мәселесін қарастыруғы байланысты комиссия құрылды», – делінген ведомствоның хабарламасында. 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте карантин талабын бұзған 407 тұлғаға айыппұл салынды

admin

Шымкентте өткен туәлікте COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелмеді

admin

Жағымды жаңалық: Тоқаев заңға қол қойды

admin

Пікір қалдыру