6 C
Shymkent
Қазан 26, 2020
Шоу-бизнес

«Үйленгелі бері Зарина 8 рет кетіп қалды»Айдос Игіліков

KAZUS.KZ. Aтышулы «Қалаулым» бағдарламасында танысып, кейін шаңырақ көтерген Айдос Игіліков пен Зарина Сапарова ажырасып кетті. Бүгінде журналистика саласында еңбектеніп жүрген Айдос әлеуметтік желідегі алыпқашпа сөздерге нүкте қойды, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Отбасымды сақтап қалу үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім. Ауылдан Алматыға көшіп келдім. Мұндағы мақсатым – журналистикада жұмыс істеу ғана емес, жанұямды сақтау еді. Бірақ біздің отбасылық өмірімізге араласатын жандар, сырт көздер көбейіп кетті. Осынша уақыт бойы қаншама ұрыс-керіс болды. Мен өзіме берілетін азғантай өмірді айғау-шумен өткізгім келмейді. Сол үшін осындай шешім қабылдап, Түркістанға қайтып кеттім», – дейді ол.

Айдостың айтуынша, Зарина айтарлықтай қиындық көрмеген.

«Мүмкін, Заринаға өзі армандағандай тұрмыстық өмірді сыйлай алмаған шығармын. Бірақ ешкімнен кем болған жоқпыз. Мені әлеуметтік желімен ғана өмір сүретін адам деп ойлаған шығар. Екі жас шаңырақ көтерген соң, оларға үлкендердің жол сілтеп отыруы заңды. Алайда, бұл отбасылық өмірге тікелей араласу керек дегенді білдірмейді

Үйленгелі бері Зарина оң босағасынан 8 рет кетіп қалды. Тоғызыншы рет кеткенде менің де шыдамым таусылды.

Жоғарыда айтқандай, ұрыс-керістен шаршадым. Сол себепті, бұл бәрімізге де дұрыс шешім де ойлаймын. Бүгінде Түркістанда, ата-анамның қасындамын. Жақын күндері қызмет ауыстыруды да ойлап жүрмін. Үлкен облыс орталығына айналған Түркістанға тамыр жаюды көздеп отырмын», – дейді Айдос Игіліков.

Айта кетелік, Зарина Сапарова телекөрерменге көңілді тапқырлар клубы арқылы танылып, кейін «Қалаулым» бағдарламасы арқылы журналист Айдос Игіліковпен бас қосқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Әншілер концерттің фонограмма пайдаланумен өтетінін хабарлауға міндетті

admin

Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындайды

admin

Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетті

admin

Пікір қалдыру