9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Қоғам

Айгүл Орынбек: «Почиваловтың атынан «қазақ батырлары» маған «угроза» жасап жатыр»

Қоғам белсендісі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек өзіне әлдебіреулердің «угроза» жасағандығын жазды деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы Azatmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

27 қазан күні Айгүл Орынбек Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловты қызметтік этиканы бұзды деп жазба қалдырған болатын. Қоғам белсендісінің айтуынша, осы жазбадан кейін оған қоңыраулар келе бастаған.

«Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың атынан маған угроза жасап, жігіттер шығып жатыр! Ескерту жасап жатқан өзіміздің қазақтың жігіттері!“Сен неге Почиваловты жазасың?”. “Сен біреудің заказын орындап жүрсің айуан”- деп “қазақтың батырлары” сес көрсетті! Біздің Оңтүстікте шенеуніктерге сын айтсаң, дереу осылай қорқыту үркіту, ескерту басталады! Почивалов Мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзғаны әлеуметтік желіде 20 -ші қазан күні тараған еді. Ал мен мемлекеттік қызметкерлердің этика бұзғаны жайлы бірінші рет жазып жүргенім жоқ! Үнемі көтеріп, жазып жүремін! Бір қызығы, “сенің Почаваловты жазуға құқығың жоқ!” дейді Тимур деген жігіт!» – деп жазды ол.

Естеріңізде болса, Ел Президентінің қатысуымен жақында ғана өткен Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Айгүл Орынбек Оңтүстікте шенеунікке сын айтсаң, артыңнан түсіп алатындығын айтқан болатын.

Бұдан бөлек, қоғам белсендісі өз өмірінің қауіпсіздігіне алаңдайтынын және қоңыраудың аудиожазбасы бар екенін, дәлел ретінде ұсына алатынын да жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның 8 облысында жаңа оңалту орталығы салынады

admin

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасы жаңа баспанаға ие болады

admin

Жаппай төбелестің бел ортасында жүрген әженің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

admin

Пікір қалдыру