21.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Қоғам

Адам организмін қандай өнімдер жасартатыны белгілі болды

Адам

KAZUS.KZ. Самаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Михаил Гинзбург адам жасын ұзартатын өнімдерді атады, – деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасалды.

Ең алдымен, дәрігер күніне екі-үш шыны көк шай ішуді ұсынды. 

«Көк шайда катехин көп, олар аутофагия процесін жеделдетеді. Бұл процесс қартаюды баяулатады және организмнің жасаруына себеп болады», – дейді маман. 

Гинзбургтың сөзінше, адам организмін жасартуға арналған өнімдердің ішінде зәйтүн майы, зығыр тұқымы және балық та бар. Диетолог бұл өнімдерде қанықпаған май қышқылдары көп, олар қабынуға қарсы әсерге ие және тамырларды атеросклероздан қорғайтынын айтады.

Сонымен қатар, маман диетаға ащы шоколадты қосуды ұсынды, себебі оны өндіруде қант алмастырғыш қолданылады. 

«Қан құрамындағы глюкозаның мөлшерін азайту үшін қанттың орнын басқа өніммен алмастыру керек», – дейді дәрігер.  

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «Кентау» ЖШС күздік алма жинауда

admin

Төселген асфальтты қолмен-ақ сылып алуға болады

admin

ШЫМКЕНТ: Түркістан көшесіндегі жиектастар берік орнатылмаған

admin

Пікір қалдыру