22 C
Shymkent
Қыркүйек 21, 2020
Әлемде

Адамның өмір жасын ұзартатын сусын

KAZUS.KZ. Шетелдік басылым өмір жасын ұзартатын сусын анықталғанын жазуда, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Шетелдік Express басылымы адамның өмір жасын ұзартып, қатерлі ісіктің алдын алатын сусын түрін атады.

«Ұзақ жасағыңыз келсе, деніңіз сау болғанын қаласаңыз, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанудан, өзге белгілі бір сусынды ішу де жақсы нәтиже беретіні дәлелденген. Аталмыш сусын тек екі заттан құралады және мезгілсіз қазаның алдын алады», – деп жазған басылым.

Шетелдік басылымның мәліметіне сәйкес, бұл сусын ең алдымен куркумадан жасалады. Куркума бұрынғы заманнан өзінің денсаулыққа ерекше пайдалы болуымен белгілі. Бұл дәмдеуішті түрлі халықтар ғасырлар бойы тағамына қосып келуде. Медицинада куркуманы қабынуға қарсы күресте, ауырсынуды басу мақсатында және метаболизмді жоғарылату мақсатында қолданады. Одан бөлек, куркума қатерлі ісік пен диабеттің кей түрлерінің алдын алады екен.

«Өмір жасын ұзартатын» сусынның құрамында куркумадан бөлек комбуча деп аталатын шай саңырауқұлағы болуы тиіс. Бұл саңырауқұлақ органикалық қышқылдар мен В дәрумендеріне әрі пробиотиктерге бай.

Америкалық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, шай саңырауқұлағы бактериялардың барлығына қарсы антимикробтық қасиетке ие. Одан бөлек, сусын қатерлі ісік жасушаларының таралуын азайтады.

Көптеген тәжірибелер жүргізу барысында шай саңырауқұлағы мен куркума қосылған сусынның денсаулыққа өте пайдалы екені анықталған. Олар Окинава елін мысалға келтіруде. Аталмыш мемлекетте әлем бойынша ең жоғары орташа жас ұзақтығы тіркелуде – 81,1 жас. Бұл елдің халқы куркума қосылған сусынды жиі ішетіні анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған

admin

Лукашенко қандай жағдайда жаңа президент сайлауы өтетінін айтты

admin

Өзбекстан шекараны ашатын болды

admin

Пікір қалдыру