9 C
Shymkent
Қараша 26, 2020
Әлемде

Адамдардың әр басқан қадамына – ақша төленеді: Өзбекстанда жаңа бастама қолға алынды

Ташкент

Өзбекстан Республикасында жаңа бастама қолға алынбақ – деп хабарлайды Kazus.kz ақпараттық порталы.

Өзбекстан азаматтары белсенді серуендегені үшін ақшалай сыйақы алады. Мұндай жарлықты ел басшысы Шавкат Мирзиёев шығарды.

Мұндай шешімді Өзбекстан билігі «Салауатты өмір салтын кеңінен енгізу және бұқаралық спортты одан әрі дамыту шаралары туралы» бағдарлама аясында қабылдады.

Жарлыққа сәйкес, 18 жастан асқан елдің азаматтары электронды әмиянына күніне кемінде 10 мың қадамға 3000 сум (126 теңге) алады. Бағдарламада сондай-ақ қабылданған қадамдар санына қарай ай сайынғы жетекшілерге марапаттар қарастырылған: аудандық немесе қалалық деңгейде 300 мың сум (12,600 теңге), 500 мың (21,000 теңге) – облыстық деңгейде, миллион (42,000 теңге) – ел деңгейінде.

Бұл төлемдерді қаржыландыру халықтың денсаулығына зиянды өнім өндірушілерден арнайы салық енгізу арқылы жүзеге асырылатыны нақтыланған. Сондай-ақ құжатта барлық облыстық және қалалық орталықтарда серуендеуге және велосипед тебуге арналған «Денсаулық жолдары» құрылатыны атап көрсетілген.

Сондай-ақ:

● жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарының жалпы ұзындығы – 3-5 км, олар өзара байланысты болуы керек;

● жолдар заманауи, энергияны үнемдейтін (қозғалыс датчиктерімен жабдықталған) жарықтандыру жүйесімен, сондай-ақ жолдардың басы, ортасы мен соңын көрсететін шағылысатын жол белгілерімен қамтамасыз етілуі керек;

● жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарының құрылысы жеке қозғалу мүмкіндігін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» ұйымдастыруды ескере отырып жүзеге асырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Адамның өмір жасын ұзартатын сусын

admin

16 жасар қыз телефоннан музыка тыңдап жатқан кезде қайтыс болған

admin

Минскідегі тәртіпсіздік кезінде ер адам қайтыс болды – Беларусь ІІМ

admin

Пікір қалдыру